Саясат - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жыл сайын көптеген еңбектің жазылатыны баршаға мәлім. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тапты. Әсіресе, кешегі шілде айында Астана күні қарсаңында Нұрсұлтан Әбішұлының елеулі еңбектеріне арналған жинақтардың тұсаукесерлеріне куә болдық. Отандық авторларды айтпағанда Мемлекет басшысы туралы кітаптарды соңғы уақытта алыс-жақын шетелдің ғалымдары да жазып жүр. Әсіресе, Нұрсұлтан Әбішұлының әлемдегі бейбітшілікке қосқан үлесі, ядролық қарудан саналы түрде бас тартуы талай еңбектің жазылуына арқау болып отыр.

Қазақстанда онға жуық саяси партия болғанымен, олардың тек үшеуі ғана Мәжілістен орын алғаны белгілі. Атап айтқанда, «Нұр Отан», «Ұлттық коммунистер» және «Ақ жол» партиялары Парламенттің төменгі палатасына өз мүшелерін депутат етіп бекітіп алған.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өзі президенттік еткен жылдардың қорытындысын жасап, уәде еткен істерінің бәрін жасап үлгермегеніне кешірім сұрады. Ол жағдайдың ауыр болғанын еске алды деп жазады Азаттық тілшілері.

Бүгін Ортсайлауком отырысында комиссия мүшесі Константин Петров ротация тәртібімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болып сайланды.

Кәсіпкер Ақылбек Мансұров президент қызметіне үміткер болу туралы арызын қайтарып алды. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, президент қызметіне 46 үміткер қалған деп жазады centralasian.org.

Өзбекстан билігі Мәскеуден бұрынғы президент Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнәр Каримованың Ресейдегі жылжымайтын мүліктерін тәркілеуін сұрады деп жазды Азаттық тілшілері. Ресей астанасында "Камелот" кешенінде пентхаусы, Рублевкада зәулім үйі және сегіз пәтері бар. Ал Ялтада - қонақ үй, тұрғын үй және жерге иелік етеді.

16 тамызда Қырғызстан президенттігінен үміткер 46 адам қырғыз тілінен емтихан тапсырып, оның 41-і сәтті өтті деген сертификат алды деп жазады Азаттық тілшісі мемлекеттік тіл жөніндегі Қырғызстанның ұлттық комиссиясына сілтеме жасап.

Америкалық белгілі журналист, саясаттанушы, «Атлантикалық кеңес» президенті Фредерик Кемптің «БЕРЛИН 1961: Кеннеди, Хрущев және әлемдегі ең қауіпті жер» атты әлемдік бестселлері қазақ тіліне аударылып, баспадан шықты. Кітаптың таныстырылымы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтіп отыр. Бұл Рухани жаңғыру тұжырымдамасы аясындағы әлемнің ең үздік 100 кітабын қазақ тіліне аудару идеясына сай келеді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚР Lенсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығымен Людмила Витальевна Бюрабекова ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды деп жазады Үкіметтің ресми сайты.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші