$ 448.56  478.03  4.79

Зарина Дияс WTA-рейтингінде бірден 36 сатыға көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингі жаңарды. Жаңартылған тізім қауымдастықтың ресми порталында жарияланған.

Қазақстанның бірінші ракеткасы саналатын Юлия Путинцева бұл жолы бір сатыға төмендеп, 32-орынға жайғасыпты. Ярослава Шведова болса 51-орынды сақтап қалған.

Ал, жарақатынан жуырда ғана айығып, үлкен спортқа қайта оралған Зарина Дияс болса 187-орыннан бірден 36 сатыға жоғарылап, 151-орынға жайғасып отыр. Жуырда Қытайда өткен ITF турнирінде қазақ қызы бірінші орынды жеңіп алған болатын.

WTA рейтингінің алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды. Серена Уильямс (АҚШ), Анжелик Кербер (Германия) және Каролина Плишкова (Чехия) бұрынғыша топ бастап келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары