Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


25.05.2017, 09:23

Лионель Месси салық төлемегені үшін 21 айға сотталды

Испанияның Жоғарғы соты футболдан Аргентина ұлттық құрамасы мен испандық "Барселонаның" шабуылшысы 29 жастағы Лионель Мессиді салықтан жалтарғаны үшін 21 айға соттады. Бұл туралы Football Espana-ның Twitter-парақшасында жазылған.

Испания заңына сәйкес, егер жаза мерзімі 2 жылға жетпесе айыпты азамат оны шартты жазаға алмастыра алады. Сондықтан, Месси бұл 21 айын түрмеде өткізбейді.

Еске салайық, Лионель Месси мен оның әкесі Хорхеге былтыр маусым айында салық төлеуден жалтарды деген айып тағылған болатын. Олар 2007, 2008 және 2009 жылдары 4,1 миллион еуроны құрайтын салықты төлемеген. Бұл салық Мессиге жарнамадан түскен қаражаттан жиналған.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, Месси 21 айлық жазасын өтеумен қатар 2,1 млн еуро айыппұл төлеуі тиіс. Ал, оның әкесі болса 15 айға жазаланып отыр.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.