$ 444.32  473.33  4.76

Головкин мен Альварес бетпе-бет кездесіп, баспасөз мәжілісін өткізді (ВИДЕО)

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық титулдарының иесі Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) Лас-Вегаста бетпе-бет кездесу өткізіп, журналистердің сауалдарына жауап берді деп жазады BoxingScene.com.

Еске салайық, қос боксшы 16 қыркүйек күні (Астана уақытымен 17 қыркүйек) T-Mobile аренасында жекпе-жек өткізеді. Арена 20 мың адамға лайықталған. Бокс кешінің билеттері түгел сатылды. HBO телеарнасы АҚШ пен Ұлыбританияға PPV жүйесі ақылы трансляция жасайды.

Айта кетейік, аталған кездесуде Головкиннің барлық белбеуі, WBC қауымдастығының арнайы белбеуі және The Ring журналының "Канело" деп атаған белбеуі бәске тігіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео