$ 447.4  477.55  4.76

Жансай Смағұлов Тунисте өтіп жатқан әлемдік гран-придің жеңімпазы атанды

Тунисте өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңінде Жансай Смағұлов (73 кг) қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырынан көрінді деп жазады ҚазАқпарат.

Отандасымыз финалда косовалық Акил Кгожаковты ұтып, биылғы жылдың алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Жансай Смағұлов ширек финалда Франция елінің намысын қорғаған Акус Бенджаминді жеңсе, жартылай финалда ирандық Мохамед Мохамедиден айласын асырды. Финалда косовалық Акил Кгожаковты иппон әдісімен таза жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше жарыстың алғашқы күні қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына екі қола медаль салған болатын. Оның бірін 66 келі салмақта ел намысын қорғаған Ерлан Серікжанов жеңіп алса, екіншісін 60 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев қанжығасына байлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары