$ 443.85  474.3  4.8

Бейбіт Шүменов Қанат Исламға промоутер болды

Кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақта және алғашқы ауыр салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы болған қазақ Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) орта салмақтағы Қанат Исламға (25-0, 20 КО) промоутер болды деп жазды BoxRec порталы.

Еске салайық, қаңтар айының соңында 34 жастағы Бейбіт Шүменов үлкен спортқа қайта оралғанын мәлімдеген болатын. Ол сондай-ақ, Астанадан промоутерлік компания мен бокс мектебін ашуды жоспарлап жүргенін де айтқан еді.

Ал, 33 жастағы Қанат Ислам болса кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысты. 2008 жылы ол Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған. Қазір ол кәсіпқой рингте 25 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетсе де, әліге дейін әлем чемпионы атағына жұдырықтаса алған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары