$ 449.58  486.94  4.86

Шүменов Қанат Исламның промоутері болды деген ақпарат жалған

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның командасы Бейбіт Шүменовпен ынтымақтастық орнату туралы ақпаратқа түсініктеме берді деп жазады sputniknews.kz.

"Бейбіт Шүменов Қанат Исламның промоутері болды деген ақпарат жалған. Боксрек сайтына солай жазылып кетіпті. Хабарластық. 1-2 күнде өшіреді", — деп жазды "Қазақтың" командасы Instagram-дағы парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше BoxRec.com сайты Бейбіт Шүменов Қанаттың жаңа промоутері болғанын хабарлады. Бұған дейін Қанат Исламның Шымкенттегі Royal Club Fitness & SPA базасында Шүменовтың жетекшілігімен дайындалып жүргені белгілі болған. Одан кейін Бейбіттің өзі промоутерлік компания құрып, қазақстандық былғары қолғап шеберлерін төрткүл дүниеге танытумен айналысатынын мәлімдеген еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары