$ 444.32  473.33  4.76

QazSport ресейлік футбол клубтарына неліктен басымдық береді?

Қазір Еуропада футбол маусымының қызған шағы: "кәрі құрлық" клубтары Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының кубоктерін сарапқа салуда. Ал, бұл матчтарды қазақстандық жанкүйерлер QazSport телеарнасынан тамашалап келеді.

Ал, аталған телеарнаның неліктен ресейлік футбол клубтарына басымдық бере беретіні кейбір көрермендердің түсініспеушілігін тудырып отыр. Мәселен, тап бүгін QazSport эфирінен Еуропа лигасысының үш кездесуі көрсетіледі. Оның үшеуі де ресейлік командалардың ойындары. Танымал спорт журналисті, комментатор Ермұхамед Мәуленнің пікірінше, бұл жай ғана кездейсоқтық емес.

«QazSport арнасында 4 жыл қызмет еттім. Көп жағдайда матчты таңдау барысында дискуссия болып, басшылықпен талай сөз таластырдым. Ортақ шешімге келіп жүрдік. Бірақ, қадірменді ағайын, мынау енді шектен шыққандық. Арна басшысы Павел Цыбулин бұл мəселеге жауап беруі тиіс! Неге біз ресейлік клубтардың ойындарын тамашалауымыз керек? Мақұл, қызықты əрі тартысты ойын болса бір жөн. Мысалы, "Локомативтің" келесі кезеңге өтетін мүмкіндігі жоқ. Бірінші ойында 3-0 ұтылған. "Зенит" те 2-1 ұтылды. "ЦСКА" тіпті өз алаңында жеңіліп қалған. Телеарнаның бұл саясаты тəуелсіздігімізге күмəн тудыртатын сияқты», - деп, телеарна басшысының ресейлік клубтарға ашық бүйрек бұратынын жазды.

Айта кетейік, бұған дейін де әлеуметтік желі қолданушылары QazSport телеарнасының ресейлік клубтардың қатысуымен өтетін қызықсыз матчтарды көрсететінін жазып, арна басшыларын біраз сынап тастаған болатын.

Ал, бүгін аталған үш матчтан бөлек Еуропа лигасы аясында мына кездесулер өтеді:

Атлетик Б - Марсель (алғашқы ойындағы есеп - 1:3)
Динамо Киев - Лацио (2:2)
Виктория Пльзень - Спортинг Л (0:2)
Зальцбург - Боруссия Д (2:1)
Арсенал - Милан (2:0)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары