$ 443.85  474.3  4.8

Неймар «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін

«Пари Сен-Жермен» футбол клубының шабуылшысы Неймарға Англияның қос клубы «құда түсіп» отыр. Даңқты футболшы қазір «Манчестер Сити» мен «Манчестер Юнайтед» командаларынан келген шақыртуды қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Don Balon порталының жазуынша, бразилиялық шабуылшы егер мадридтік «Реалға» ауыса алмаса ағылшын Премьер-лигасында өнер көрсетуді жоспарлап отқан көрінеді. Атап айтқанда, оның «Манчестер Ситиге» бүйрегі бұрыпты. Дегенмен, «Манчестер Юнайтедке» ауысса Неймардың клуб көшбасшысы болатыны сөзсіз.

Атақты футболшының қайда ауысатыны трансфер құнына байланысты. ПСЖ оны былтыр 222 миллион еуроға сатып алған болатын. Француз клубы Неймардан енді 400 миллион еуро таза пайда табамыз деп жоспарлап отыр.

Еске салайық, наурыз айының ортасында Неймар мадридтік «Реалға» ауысқысы келетінін мәлімдеген еді. Өйткені, Франция чемпионатының деңгейі төмен дейді ол. БАҚ өкілдері болса бразилиялық шабуылшының бұрынғы клубы «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін екенін жазып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары