$ 447.4  477.55  4.76

Головкиннің қай күні жұдырықтасатыны белгілі, бірақ қарсыласы белгісіз

Геннадий Головкин алдын жоспарлағандай 5 мамыр күні бәрібір жұдырықтасатын болды. Бірақ, әрине, Сауль Альвареспен емес. Қазіргі таңда GGG промоутері оған қарсылас іздеп жатыр деп жазады Sports.kz.

Жекпе-жек Лас-Вегастағы MGM Grand кешенінде өтеді. Бұл туралы Невададағы Атлетикалық комиссияның ресми сайтында хабарланған. Комиссия GGG Promotions өткізетін кездесуді өзінің күнтізбесіне енгізіп қойыпты. Сондай-ақ, аталған жекпе-жек HBO телеарнасынан PPV жүйесі арқылы көрсетілетін болады.

Әзірге Сауль Альварестің орнын кім басатыны белгісіз. Мексикалық боксшы ақпан айында допинг-тесттен өте алмай қалған болатын. Қазір Головкиннің командасы украиналық Сергей Деревянченкомен және ирландиялық Гэри О’Салливанмен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары