$ 446.49  475.38  4.79

Сауль Альварес бокстан тамыз айына дейін шеттетілуі мүмкін

Допинг дауынан кейін мексикалық Сауль "Канело" Альварес рингке тек тамызда ғана шыға алады деп жазады Vesti.kz ESPN порталына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Невада штатының спорт комиссиясы боксшыны бір жылға шеттетеді, бірақ бұл мерзім алты айға дейін қысқартылатынын айтқан. Осы уақыт аралығында айыппұл төлену керек болады.

Осылайша, ақпанда санкцияға ілінген "Канело" тамызда рингке оралып, қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін.

Айта кетейцік, Альварестің допинг ісі Астана уақыты бойынша 19 сәуірде қаралады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары