$ 449.58  486.94  4.86

«Манчестер Юнайтед» клубының экс-бапкері Алекс Фергюсонның миына қан құйылып кетті

Англияның «Манчестер Юнайтед» футбол клубын ұзақ жылдар бойы жаттықтырған әйгілі бапкер Алекс Фергюсон ауыр жағдайда ауруханаға түсті деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Белгілі болғандай, 76 жастағы шотландық маманның миына қан құйылып кеткендіктен оны дереу ауруханаға жатқызып, дәрігерлер күрделі операция жасапты. Ота сәтті өткен, дегенмен, Фергюсон ұзақ уақыт бойы төсектен тұрмай ем қабылдауы тиіс.

Туған-туыстары болса БАҚ өкілдерінен бапкердің жеке өміріне қол сұқпауын сұрап отыр.

Айта кетейік, Алекс Фергюсон «Манчестер Юнайтед» клубын 1986 жылдан бастап 2013 жылға дейін жаттықтырды. Шотландық маман осы уақыт аралығында Англия Премьер лигасын 13 рет, Еуропа чемпиондары лигасын 2 рет жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары