$ 446.49  475.38  4.79

Түркіменстан президенті спортшыларға берген сыйлықтарын қайтып тартып алды

2017 жылы Ашхабадта өткен Азия ойындарының кейбір жеңімпаздарының президенттен алған сыйлықтарын тартып алды деп жазады centralasian.org.

Еске салайық, Түркіменстан үкіметі экономикалық дағдарысқа қарамастан халықаралық спорт жарысына млрд доллар жұмсаған. Ойын жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, соның ішінде "Toyota Camry GL Executive" автокөліктері сыйға тартылған.

Дәл осындай автокөліктерді кейбір түркімен атлеттерінен тартып алған. Азаттық радиосы түркімен қызметінің (Азатлык) хабарлауынша, кем дегенде үш спортшы сыйлықтан айрылған.

"Автокөлікті спортшыларға тапсырған соң, "әзірге қолданбаңдар" деп ескертті. Біраз уақыттан соң жергілікті әкімшілік өкілдері келіп, мәшинені алып кетті", - деп хабарлады Азатлык.

Редакция Азия ойындарында жеңіске жетіп, жарыстан соң сыйлықтарынан айрылған атлеттердің есімдерін біледі, бірақ спортшылардың жеке қауіпсіздігі мақсатында олардың аты-жөндерін жарияламай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары