$ 448.15  483.46  4.86

ФУТБОЛ: Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды 3:0 есебімен ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті деп жазады Vesti.kz.

Ойындағы бірінші голды 13 минутта Роман Мұртазаев соқты. Араға бірер минут сала Серікжан Мұжықов есепті еселеді. Ойындағы үшінші голды 90 минутта жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов өз еншісіне жазды. Оның алыстан тепкен добын Әзірбайжан құрамасының қақпашысы қайтара алмады.

Бір қызығы, ойындағы үш голды да "Астана" командасының ойыншылары соғып отыр. Ал бапкер Станимир Стойлов үшін бұл ұлттық құрамадағы үшінші ойын. Бірінші кездесуінде Венгрия құрамасын 3:2 есебімен ұтса, екінші кездесуде Болгарияға 2:1 есебімен жеңілген болатын.

Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын 6 қыркүйек күні Ұлттар лигасы аясында Грузияға қарсы өткізеді. Сондай-ақ, біздің топта Латвия мен Андорра құрамаларыда бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары