$ 448.15  483.46  4.86

ТЕННИС: Рафаэль Надаль Ролан Гаррос турнирін 11-рет жеңіп алды

Испандық теннисші Рафаэль Надаль Ролан Гаррос (Франция ашық біріншілігі) турнирін 11-рет жеңіп алды. Бүгін финалдық матчта ол автриялық Доминик Тимді 3:0 есебімен (6:4, 6:3, 6:2) жеңді.

Теннисшілер жеңімпазды анықтау үшін кортта 2 сағат 42 минут күш сынасты. Айта кету керек, ATP рейтингінде 32 жастағы Рафаэль Надаль бірінші орында тұрса, 24 жастағы Тим 7-орынға жайғасқан. Екеуі өзара 11 матч өткізіп, оның 8-де испандық теннисші жеңіске жетіпті.

Надаль үшін бұл Ролан Гарростағы 11-ші жеңісі. Бұған дейін ол 2005-2008 жылдар аралығында, 2010-2014 жылдар аралығында және 2017 жылы чемпион атанған. Парижде өтетін осынау турнирді әлі ешкім осыншама рет жеңіп көрмеген.

Осылайша, Рафаэль Надаль "Үлкен дулыға" аясында өтетін турнирлерде 17 рет жеңіске жетіп отыр. Биыл ол ірі 5 турнирде қарсылас шақ келтірмеді. Ал, Доминик Тим болса бұған дейін бірде-бір "Үлкен дулыға" турнирлерінің финалында ойнап көрмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары