$ 444.32  473.33  4.76

ФУТБОЛ: Әлем чемпионатының бірінші күні Ресей Сауд Арабиясын 5:0 есебімен жеңді (ВИДЕО)

Бүгін Ресейде футболдан әлем чемпионаты жалауын көтерді. Мундиальдің бірінші матчы алаң иелері Ресей ұлттық құрамасы мен Сауд Арабиясы футболшыларының арасында өтті.

"Лужники" стадионында болған ойында Черчесов шәкірттері арабтардың қақпасына жауапсыз 5 гол соғып, чемпионаттағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді. Бірінші голды қарсыластар қақпасына 12-минутта жартылай қорғаушы Юрий Газинский соқса, 43-минутта шабуылшы Денис Черышев есепті еселеді. Ол ойынға жарақат алған Алан Дзагоевтың орнына шыққан болатын.

Қалған үш гол екінші таймда соғылды. 73-минутта Артем Дзюба тура соққысымен көзге түссе, төреші қосқан қосымша уақытта алдымен Черышев, артынша Головин қанжығаларын майлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары