$ 446.49  475.38  4.79

ФУТБОЛ: Саудия билігі ұлттық құраманың ойыншыларын кешегі жеңілістен кейін жазалайтынын айтты

Кеше Ресейде жалауын көтерген футболдан әлем біріншілігінде алаң иелерінен 5:0 есебімен жеңіліп қалған Сауд Арабиясының футболшылары жазаланатын болды. Елдің Спорт басқармасын басқаратын Түрки әл Шейхтің айтуынша, ойыншылар өздерінен талап еткен нәтиженің 5 пайызын да орындамаған.

Айта кетейік, әлем чемпионатының шымылдығын кеше Ресей мен Сауд Арабиясының арасындағы матч ашқан болатын. Ойын 5:0 есебімен орыс футболшыларының пайдасына шешілді.

"Біз ұлттық құраманың ойыншыларына барлық жағдайды жасадық, шығындарының бәрін көтердік, әлемдік деңгейдегі бапкерді жалдадық. Бірақ, олар біз талап еткен көрсеткіштің 5 пайызын да орындаған жоқ. Біз мұны олардың шама-шарқы деп түсінуіміз керек", - дедң спорт маманы.

Әл Шейх ұлттық құраманың осылай тас-талқан боп жеңілуіне жауапкершілікті өз мойнына алатынын да мәлімдеді. Ал, команданың қақпашысы Абдаллах әл-Майюф, шабуылшысы Мұхаммед әл-Салауи және қорғаушысы Усама Хаусауи айыппұл төлейтін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары