$ 448.56  478.03  4.79

Криштиану Роналду туриндік «Ювентуске» ауысуы мүмкін

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду туриндік «Ювентус» сапына ауысуы мүмкін деп жазады Tuttosport тілшілері.

Дереккөздің мәліметінше, Роналдудың агенті португалдық Жорже Мендеш италиялық клубтың басшыларымен 11 жылдық жанжалдан кейін ымыраға келіп, трансфер туралы келісімді бастап кетіпті. Осы аптада ол «Валенсия» қорғаушысы португалдық Жоау Канселуды «Ювентус» сапына ауыстырып берген болатын.

Айта кету керек, туриндік клуб биыл бар күшін «Лациодағы» жартылай қорғаушы Сергей Милинкович-Савичті 120 миллион еуроға сатып алуға жұмсап жатыр. Егер Криштиану Роналдумен келіссөздер сәтті жүргізілсе, «Ювентус» басшылары Милинкович-Савичтен бас тартып, сол қаражатты мадридтік клуб басшыларына беруі мүмкін.

«Реал» басшылары да Роналдудан құтылудың жолдарын қарастырып жатқан секілді. Бұған дейін олар португалдық шабуылшыны 1 млрд еуроға ғана сатамыз деп мәлімдесе, осы аптада трансферлік құнды 120 миллион еуроға бір-ақ түсірді.

Есек салайық, күні кеше Криштиану Роналду бастаған Португалия ұлттық құрамасы Ресейде өтіп жатқан әлем чемпонатының 1/8 финалында Уругвайға жеңіліп, жарыстан шығып қалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары