$ 445.66  474.58  4.78

Данияр Елеусінов үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады (ВИДЕО)

Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Венгр Габор Горбичпен күш сынасқан жерлесіміз 6 раундтық кездесуде қарсыласын ұпай санымен жеңді.

Данияр Кардифф қаласында өткен бокс кешінің андеркартында жекпе-жек өткізіп отыр. 6 раундқа жоспарланған кездесудің әр раундында Елеусінов қарсыласынан басым түсіп, жалпы есепте 60:54 есебімен жеңіске жетті. 

Бесінші раундта қазақ боксшысының қабағы жарылып кеткен болатын. Дегенмен, бұл жарақат оның кездесуді соңына дейін өткізуіне кедергі бола алған жоқ. Есте болса, Риода өткен Олимпиада ойындарында да Даниярдың қабағы жартылай финалда жарылып кеткен еді. Ол кезде де жарақатына қарамастан жерлесіміз байрақты бәсекенің жеңімпазы атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары