21.08.2018, 22:58

АЗИАДА-2018: Алмат Кебіспаев финалда жеңіліп, Қазақстан қоржынына күміс медаль салды

Индонезия астанасында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық балуан Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен 67 келіде күміс жүлде иеленді деп жазады Азаттық.

Ол финалда Инчхондағы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы Оңтүстік Корея балуаны Рю Хан Сумен кездесіп, 4:5 есебімен жеңілді.

Кебіспаев жартылай финалда Иран балуаны Мохаммед Реза Жераиден басым түсті. Ал Мохаммед Реза ширек финалда Өзбекстан құрамасындағы этникалық қазақ Елмұрат Тасмұратовты жеңді.

Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.