$ 443.85  474.3  4.8

Ауыл тұрғындарына ерекше тарту

Елбасының Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасында айтылған «Туған жер» бағыты бойынша Жезқаған қаласына қарасты ауылдарда да көптеген игі істер қолға алынуда.

Әркімге кіндік қаны тамған туған жері, өскен ортасы, балғын шағының куәсі болған киелі топырағы қымбат. Дана халқымыз «туған жерге туыңды тік» деп бекерге айтпаса керек. Туған жер десе жүрегі туламайтын жан кемде – кем шығар. Сондай жарқын істердің біргейі күні кеше ғана Талап ауылында су жаңа футбол және тренажер алаңы қолданысқа берілді. Бұл игі істі жүзеге асырған ТСК "Стинг" ЖШС директоры Медет Жұманкелдіұлы Жахметов екенін айта кеткен абзал.

Елдімекен тұрғындарының қуаныштарында шек жоқ. Әсіресе жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне бұл алаңның септігі зор деп білеміз. Енді осындай керемет дүниені күтіп-баптап, қамқорлықпен қарап, қажетімізге пайдалана білейік.

Мәрт меценатымыз бұған дейінде ауыл көшелерінің жолдарынд қалыпқа келтіріп, асфальт төсеп берген. Алтын ұя ауылдарымыз гүлденіп, жасап-жайнай берсін! Сондай-ақ, осындай игі істерге бастамашы бола берейік.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары