$ 446.49  475.38  4.79

Қазақстандықтар Головкин – Альварес жекпе-жегін көру үшін таңғы 8-де оянулары керек

15 қыркүйек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасындағы бокс кешінінің WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) жұдырықтасатын басты жекпе-жегінінің трансляциясы басталатын нақты уақыт белгілі болды. 

ESPN Deportes ақпараты бойынша, бокс кеші  жергілікті уақыт бойынша 14:00-де (Астана уақты бойынша 15-нен 16-шы қыркүйекке қараған түні сағат 03:00) жекпе-жекпен басталады , ал андеркарттың PPV-тарнсляциясы (ақылы көпрсетілім) 17:00 (Астана уақытымен 16 қыркүйек сағат 06:00-ге) белгіленген.

Головкин мен Альварес рингке жергілікті уақыт бойынша 19:00 және 19:30 аралығында шығады деп күтілуде. Қазақстандық көрермендер үшін басты жекпе-жек көрсетілімі 16 қыркүйек сағат 08:00 және 08:30 аралығында басталады. Бұл шоудың тікелей трансляциясын QazSport және Qazaqstan арналары жүргізеді.

Жалпы бұл бокс кешінше сегіз жекпе-жек өткізу белгіленген. PPV-трансляцияда төрт салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион никарагуалық Роман Гонсалес (46-2, 38 КО) және мексикалық Мойсес Фуэнтестің (25-5-1, 14 КО), IBF ұйымының бұрынғы чемпионы Давид Лемье (39-4, 33 КО) мен ирландиялық Гэри О’Салливанның (28-2, 20 КО), алғашқы орта салмақта WBO чемпионы мексикалық Хайме Мунгуйя (30-0, 25 КО) мен канадалық Брэндон Куктың (20-1, 13 КО) жекпе-жектері көрсетіледі.

Дереккөз: Vesti.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары