$ 444.32  473.33  4.76

Геннадий Головкин «Канело» Альварестен жеңіліп қалды

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы, WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық белбеулерінің иесі болған қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңіліп қалды. Бұл қос боксшының арасындағы екінші жекпе-жек екенін айта кету керек.

Бокс кеші Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтті. Алғашқы кездесу де осыдан бір жыл бұрын дәл осы жерде өтіп, матч тең аяқталған болатын. Бұл жолы 12 раундтың нәтижесінде төрешілер жеңісті Альвареске ұстатты.

Осылайша Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы жеңілістің ащы дәмін алғаш рет татып отыр. Ол бүгінге дейін 40 декпе-жек өткізіп, оның 38-де жеңіске жеткен. Бұған дейінгі бір жекпе-жегі тең аяқталса, бүгін жеңіліп қалды. Айта кетейік, Головкин өзіне тиесілі WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық белбеулерінен де айрылып қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары