$ 443.85  474.3  4.8

Әйгілі теннисші Серена Уильямс жалаңаштанып ән шырқады (ВИДЕО)

Әйгілі теннисші Серена Уильямс сүт безі обырымен күресуге бағытталған Touch Myself Project науқанын қолдау мақсатында жалаңаш ән айтып, видеосын өзінің Instagram-парақшасына жүктеді.

37 жастағы спортшы австралиялық The Divinyls I Touch Myself тобының әнін шырқап, бір қолымен төсін жауып тұрған. Бұл әнді ол кездейсоқ таңдамаған. Аталған топтың бұрынғы әншісі Кристина Ампфлетт 53 жасында сүт безі обырынан қайтыс болған еді. Ол қатерлі ісікпен 2 жыл бойы күрескен.

Осылайша, Серена Уильямс барша әйелдерді денсаулығына бейжай қарамай, тұрақты түрде дәрігер тексеруінен өтуге үндеді. 

"Иә, мұндай әрекетке бару маған оңай болған жоқ. Алайда, мен шешіндім, өйткені аталған проблема әлемдегі кез-келген әйелге қатысты. Егер ауруды дер кезінде анықтай алса өміріңді құтқарып қалу мүмкіндігі де артады. Сондықтан, барша әйелге осыны жеткізгім келді", - деп жазды Уильямс.

Айта кетейік, сүт безі обыры әлемдегі әйелдер арасындағы ең көп таралған аурудың бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары