$ 443.85  474.3  4.8

Жүзден жүйрік шыққандар

Мамыр айында Қарағанды қаласында байрағын желбіреткен, облыс әкімінің сыйлығын сарапқа салған облыстық спартакиададан олжалы қайтқан біздің спортшылар тағы да сынақ алаңында кездесті.

– Олар спортқа бейім. Жеңіске деген құлшынысы ад басым. Командалық есепте жүлделі екінші орынға тұрақтау біз үшін де үлкен жеңіс. Бұл жеңіс күнделікті жаттығудың және сенім мен қолдаудың жемісі,- деген мүмкіндігі шектеулі спортшылар командасының бапкері тауып айтқан. Олар спорт десе ішкен асын жерге қоятынын фестиаль барысында тағы бір мәрте дәлелдеді.

Спорттық фестиваль «Металлург» стадионында жалауын көтерді. Бұл сайысқа Жезқазған және Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданынан 60-қа жуық спортшы қатысты. Және олар намысты қолдан бермей, жанкүйерлеріне тартысты ойын көрсете білді. Ойынның нәтижесі бойынша үздіктер қатарынан оза шығып, жекелей жетістіктерге жеткендер марапат төрінен орын алды. Атап айтқанда, футбол ойынынан Жезқазғандық ойыншылар І және ІІ орынды иеленсе, үстел теннисінен әйелдер арасында жүлделі І орын қарттар мен мүгедектер үйінің намысын қорғаған Светлана Якушеваға бұйырды. Ерлер арасында теннистен Кеңгір селосының тұрғыны Әбдірашит Жәнібеков алтын, жезқазғандық Докторхан Зиядан күміс, ал сәтбаевтық Мақсұт Дәрібаев қола жүлдегер атанды. Дартс ойынында мергендік танытқан Әлім Абитаев жеңіс тұғырына көтерілсе, Данияр Қотыбаев пен Николай Катаев жүлделі ІІ,ІІІ орынды бөлісті. Ал, әйелдер арасында Сандуғаш Окумбаева сұр мерген аталды. Дойбы ойынында Александр Войциховичке, Зейлкабден Козыкенов пен Марат Дәрменовке ешкім тең келмеді. Әйелдер арасында Гуляем Қожанованың, Ұлпан Жеңісованың бағы жанды. Пауэрливтингтен 2 салмақ дәрежесі бойынша І орынды Мақсұт Дарменов пен Жанңыр Жанабаев, ІІ орынды Нысанғали Бекилдеков пен Владимир Суворов өзара бөлісті. Ойшылдардың ойыны тоғызқұмалақта Еламан Серiктің, Қаныш Сәменов пен Думан Сыздықовтың бағы мен бабы қатар шапты. иеленді. Арбамен жарыста Дінмұхамет Әлиақпаров шапшаңдық танытса, Бақытжан Күзембаев пен Ғабыл Қапашев күміс пен қола медал иегері атанды. Әйелдер арасында Жездiкүл Байбосынова өз қарсыластарын артта қалдырды. Жеңіл атлетикада Асқар Октябрь, Алишер Садыров пен Әлия Жанабаева жүлдегер атанды.

Спорт фестивалі қалалық спорт бөлімі мен «Ақ Сауыт» қоғамдық бірлестігiнің ұйымдастыруымен өтті. Жүзден жүйрік шыққандарға бағалы сыйлықтармен қатар грамоталар тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары