$ 445.66  474.58  4.78

Алматыда еуропалық стандарт бойынша балалардың футбол орталығы ашылды

Алматыда «Спутник» стадионын қайта жасаған соң балалардың «Жас қыран» атты оқу-жаттығу футбол кешені ашылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жаңарған стадион 800 көрерменге арналған, шатыры көз тартады, дренажды жүйелі алаң, ФИФА сертификациялаған соңғы буындағы жасанды итальяндық газон бар. Орталықта 500-ден астам жас футболшы жаттыға алады, мұнда 50 жаттықтырушы жұмыс істейді.

«Мен сендерді бүгінгі қуанышты мерекелеріңмен құттықтаймын. Осындай бастамаларға алғыс айтамын және қолдау білдіремін. Мұндай оң шаралардың барлығы Мемлекет басшысының спорты дамыту жөніндегі саясатының арқасында жүзеге асуда», - деп атап өтті Қазақстан футбол Федерациясының басшысы Әділбек Жақсыбеков.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері алматылық «Менің ауламдағы спорт» жобасы шеңберінде 18 мыңнан астам бала спортпен айналысуда. Жеке спорт ұйымдарын тікелей компенсациялау барысында «Батыл бол» жобасы қолға алынды, мұнда тұрмысы төмен отбасылардың балалары спортқа кеңінен тартылуда.

«Президент Қазақстан халқына Жолдауында спортты дамытуға айрықша назар аударды және еліміздің спорт инфрақұрылымын дамытудың өзекті жолдарын белгілеп берді. Стадионды қайтадан күрделі жөндеуден өткізу үшін «Жас Қыран» футбол орталығы ауқымды жұмыстар атқарды. Өздеріңіз білесіздер,Спутниктің үлкен тарихы бар, футболдың отандық жұлдыздарының көпшілігі өздерінің кәсіби жолдарын осы жерден бастады. Мен кешеннің жас дарындарды тәрбиелеу ісіне тың серпін беретініне сенімдімін» , - деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Қала басшысы Алматы велотрекін реконструкциялаудың аяқталып қалғанын, келер жылдан бастап 5 мың орынды жеңіл атлетика стадионының құрылысы басталатынын айтты.

«Басты мақсат балаларды спортқа кеңінен тарту, оларды өз елінің патриоты етіп тәрбиелеу, ал футбол біздің ата-аналарымызға қуаныш әкелетін, әр ойналған матч оң эмоция беретін болсын», - деді өз кезегінде балалар мен жасөспірімдердің «Жас қыран» қазақстандық лигасының президенті Берік Қаниев.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы өз Жолдауында Үкімет пен әкімдіктердің назарын кем дегенде 100 денешынықтыру-сауықтандыру кешендерін салуға аударды және бұрыннан бар спорт нысандарын тиімді пайдалануды нұсқады.

«Жас Қыран» жаңа футбол академиясы 1964 жылы ашылған СДЮШОР №2 базасы негізінде жұмыс істейді. Бұған ескі «Спутник» стадионын қайта жасау арқылы қолжетті. Кешен Алматы әкімдігі мен «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдердің футбол орталығы» ЖШС мемлекеттік-жеке әріптестік ынтымағы арқасында іске қосылды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары