$ 446.49  475.38  4.79

Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек келер жылдың соңында өтуі мүмкін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG мен мексикалық боксшы Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің келер жылдың желтоқсан айында ғана өтуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы fightnews.info порталы жазған.

"Біз әлі күнге дейін Геннадидің жекпе-жегін тікелей тарататын телекомпаниямен келісімге келмедік. Ең ұтымды ұсыныстарды қарастырып жатырмыз. Алдымен келісімшартқа отырып алайық, содан кейін ғана жекпе-жекке қарсылас іздей бастаймыз. Менің ойымша, Головкиннің келесі кездесуі келер жылдың көктемінде өтеді. Бірақ, Golden Boy промоутерлік компаниясымен жүргізіп жатқан келіссөздер бұл кездесуге қатысты емес. Олар Головкин-Альварес жекпе-жегін келер жылдың соңында өткізуді ұйғарып отыр, мамыр айында "Канело" өзге боксшымен жұдырықтаспақшы. Сондықтан, Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті қыркүйек немесе желтоқсан айларында көруіміз мүмкін", - деді Леффлер.

Еске салайық, қос боксшының арасындағы алғашқы жекпе-жек төрешілер шешімімен тең аяқталған болатын. Ал, екінші кездесудегі жеңіс тағы сол төрешілердің шешімімен Альвареске берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары