$ 449.58  486.94  4.86

Геннадий Головкин антирекорд орнатты

Ұлыбританияның Worldboxingnews.net сайты 2018 жылдың қорытындысы бойынша сыйлықтарға үміткерлерді жариялады деп хабарлайды Sports.kz.

«Жыл боксшысы» номинациясына украин Василий Ломаченко мен мексикалық боксшы Сауль Альварес ұсынылған. Олардың қатарына Александр Усик, Майки Гарсия, Тайсон Фьюри, Деонтей Уайлдер, Теренс Кроуфорд, Наоя Иноуэ, Мэнни Пакьяо және тағы басқа былғары қолғап шеберлері қосылуы мүмкін.

Үміткерлердің толық тізімі 31 желтоқсаннан кейін жарияланып, дауыс беру 2 қаңтардан 18 қаңтарға дейін созылады.

Былтыр Геннадий Головкин өз карьерасында төртінші рет WBN бойынша «Жыл боксшысы» атағын жеңіп алған болатын, алайда биыл 2013 жылдан бері бірінші рет бұл номинациядан шет қалып отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, биыл GGG екі рет кәсіби рингке шықты, мамырда Ванес Мартиросянды нокаутқа түсірісе, қыркүйекте төрешілердің шешімі бойынша «Канелодан» ұтылып қалды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары