$ 445.66  474.58  4.78

Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Брэндон Адамспен өткізеді – БАҚ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин осы жылдың 8 маусымында рингке оралады, деп жазады sputniknews.kz Worldboxingnews.net халықаралық спорт басылымына сілтеме жасап.

Расталмаған мәлімет бойынша, GGG-дің қарсыласы The Contender ("Үміткер") жобасының жеңімпазы 29 жастағы америкалық Брэндон Адамс болады.

Қазір тараптар бокс кездесуінің орнын таңдау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Головкиннің көптен күткен жекпе-жегі Нью-Йоркте өтуі мүмкін. Сондай-ақ дереккөздер боксшылар Сан-Антонио, Лас-Вегас және Лос-Анджелес қалаларының бірінде кездесуі ықтимал екенін жоққа шығармайды.

Алдағы кездесу Геннадий Головкин үшін DAZN стримингтік сервисімен үшжылдық келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы болмақ.

Қыркүйекте Головкиннің орта салмақтағы WBC, WBA (Super) чемпионы Сауль "Канело" Альвареспен үшінші кездесуі жоспарланып отыр.

Геннадий Головкин DAZN телеплатформасымен осы жылдың наурыз айының басында келісімшарт жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары