$ 446.49  475.38  4.79

«Ғажап жауынгер». «Канелоның» жаттықтырушысы Головкинді жоғары бағалады

WBC/WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо Геннадий Головкинмен жұдырықтасу «Канелоға» қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қыркүйекте мексикандық боксшы GGG-ді төрешілердің басым дауысымен жеңген болатын. 4 мамырда Лас-Вегаста «Канело» IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дэниэл Джейкобспен кездеседі деп жоспарлануда.

«Сіз Геннадий Головкин секілді мықты былғары қолғап шеберін жеңген кезде, бойыңызда сенімділік пайда болады. Головкин екі түрлі тәсілмен:алдымен контршабуылмен, одан кейін дене қозғалысы және қарсыласына қысым көрсету негізінде жұдырықтасады, екеуінде де жеңіске жетіп отырды»,- деді Рейносо ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары