$ 449.3  489.69  4.89

Матч барысында төрешінің жүрегі тоқтап қалды (ВИДЕО)

Футболдан Боливия чемпионаты жоғары дивизионының матчы кезінде бас төреші Виктор Уртадоның жүрегі тоқтап қайтыс болды, деп хабарлайды prosports.kz.

Чемпионаттың 25-ші турының аясында жергілікті «Олвэйс Реди» командасы өз алаңында «Ориенте Петролеро» клубын қабылдап, 5:0 есебімен жеңген болатын. 32 жастағы төреші екінші таймда, яғни ойынның 54-ші минутында жерге құлап қалды. Оқиға орнына дереу келген дәрігерлер алғашқы медициналық көмек жасап, жергілікті клиникалардың біріне жеткізіп салды. Дәрігерлердің айтуынша, клиникаға жеткізілген төрешіні барынша аман алып қалуға тырысты. Алайда, оның өмірін құтқара алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Футбол