Әйгілі «Сәлім байбатша» Өзбекстанның Ұлттық Олимпиада комитетін басқаратын болды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Әйгілі «Сәлім байбатша» Өзбекстанның Ұлттық Олимпиада комитетін басқаратын болды

09.01.2017 10:00
Әйгілі «Сәлім байбатша» Өзбекстанның Ұлттық Олимпиада комитетін басқаратын болды

"Қылмыс әлемінің басшысы" деп аталып кеткен Салим Абдувалиев Өзбекстанның Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл президент Шавкат Мирзияев жасаған кадрлық өзгерістерден кейін белгілі болған деп жазады centralasian.org.

Өзбекстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы болып «Өзбекмұнайгаз» ұлтық компаниясының басқарма басшысы Алишер Султанов сайланған. Өзбекстанға танымал кәсіпкер Салим Абдувалиев болса, оның орынбасары болып тағайындалған.

2011 жылы Wikileaks сайтында жарияланған дипломаттардың хаттарында 2004-2007 жылдары Ташкентте АҚШ елшісі болып қызмет атқарған Джон Пурнелл Салим Абдувалиевті Өзбекстандағы «қылмыс әлемінің басшысы» ретінде сипаттаған.

2008 жылы Өзбекстанның қайтыс болған тұңғыш президенті Ислам Каримов Салим Абдувалиевті елдегі спортты дамытудағы еңбегі үшін арнайы марапаттады. 1997 жылдан бері Салим Абдувалиев Өзбекстанның спорт күресі қауымдастығының президенті. Кейбір мәліметтерге қарағанда ол Олимпиада ойындарында Өзбекстанның құрама командасын қаржыландырады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші