Дэниэл Джейкобс Головкиннің нокауттар сериясын бұзды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал
Воскресенье, 19 марта 2017 11:13

Дэниэл Джейкобс Головкиннің нокауттар сериясын бұзды

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин 37-ші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Нью-Йорктегі Madison Square Garden кешенінде өткен бокс кешінде америкалық Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасқан жерлесіміз 12 раунд нәтижесінде ұпай санымен басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейінгі 23 жекпе-жегін қатарынан нокаутпен жеңген Головкиннің осынау нокауттар сериясын Джекобс бұзып отыр. Жалпы, қазақстандық боксшы 37 кездесуінің бәрінде жеңіске жетіп, оның 34-ін уақытынан бұрын аяқтаған.

Ал, 12 раундқа созылған бүгінгі жекпе-жектің нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан GGG-ге ұстатты. Тартысты өткен кездесудің төртінші раундында Головкин қарсыласына ауыр екі соққысын дарытып, нокдаунға жіберген. Мұнан кейін Джейкобс өрескел қателіктерге жол бермей, жекпе-жектің соңына дейін тең дәрежеде жұдырықтасып шықты.

Айта кету керек, аталған кездесуде Головкин өзінің чемпиондық төрт белбеуін де қорғады.

30 жастағы Дэниэл Джейкобс үшін бұл кәсіпқой бокстағы екінші жеңілісі. 34 жекпе-жектің 32-де ол жеңіске жеткен.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

Санат

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші