Қазақстанның спорт жұлдыздары экстремизм мен радикализмге қарсы (ВИДЕО)

31.07.2017, 15:27

Қазақстанның спорт жұлдыздары экстремизм мен радикализмге қарсы (ВИДЕО)

Астанада діни радикализмге қарсы бағытталған бірегей жоба жүзеге аса бастады. Елімізге танымал спортшылар бұдан былай халықты экстремизм мен радикализмге қарсы үгіттемек.

Аталған бастаманың мақсаты - бүкіл қазақстандықтарды радикализмнің кез-келген көрінісіне қарсы біріктіру және бейбітшілік пен келісімнің қаншалықты құнды екеніне халықтың көзін жеткізу. Қатысушылардың айтуынша, жоба нәсілдік, ұлттық, діни қажеттіліктерге қарамастан әрбіріміздің мүддемізді қорғауға бағытталған және ол тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді қамтитын болады.

Жобаның тақырыбы алғаш рет Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Астана» командасының ойыны барысында талқыланған болатын. Елордалық команданың жұлдыздары «Астана-Арена» алаңының үлкен LED экрандарында қазіргі әлемге қауіп төндіріп тұрған терроризм мен экстремизм мәселесі жайлы роликте сөз қозғады.

«Noterrorism», «Noextremism» жобасын бокстан олимпиада чемпионы, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы Бахтияр Артаев, сонымен қатар Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Данияр Есин қолдап отыр. Олар «Астана» командасының ойыншыларымен кезекті ойынның жаттығуы кезінде кездесу өткізіп, жобаның әлеуметтік маңызы жайлы талқылады.

Жоба әлеуметтік желілерде #noextremism, #noterrorism хештегтерімен сүйемелденуде.

Медиа

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші