Алматыда Қазақстанда теңдесі жоқ жеңіл атлетика кешені салынды (ФОТО) - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

13.09.2017, 12:27

Алматыда Қазақстанда теңдесі жоқ жеңіл атлетика кешені салынды (ФОТО)

Алматы әкімі Бауыржан Байбек елімізде теңдесі жоқ спорт кешендерінің бірін ашты. Жеңіл атлетика стадионы "Болашаққа баңдар: рухани жаңғыру" мақаласындағы "Туған жер" бағдарламасы аясында кәсіпкерлер есебінен бой көтерген.

Бұл - Алматы қаласындағы соңғы 40 жылдан бері салынған алғашқы жеңіл атлетика стадионы. Оның аумағы 39 мың шаршы метрді құрайды. Жаңа спорттық нысан «Алматы Арена» спорт сарайының маңында орналасқан. Стадионда спортшылар жеңіл атлетиканың 47 дисциплинасы бойынша жаттығуға мүмкіндік алады. Атап айтқанда, 6 жүгіру жолы, әкімшілік ғимараты, 100, 400 метрлік жүгіру жолдарымен қатар, көлемі 100х70 жасанды футбол алаңы, биіктікке және ұзындыққа секіру алаңдарымен, сонымен қатар, көлемі 100х62 м табиғи шөппен жабылған ядро, диск, найза, шарбалға лақтыруға арналған аймақ бар.

Жаңа стадионды салып берген "Алонс" және "Юником" компанияларына алғысын айтқан Бауыржан Байбек алматылық кәсіпкерлерді қаланы дамытуға белсене атсалысуға шақырды. Нысанның ашылу салтанатына әкіммен бірге елімізге танымал спортшылар да келіп қатысты. Олардың қатарында жеңіл атлетикадан Олимпиадан ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова, күрестен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Дәулет Тұрлыханов пен Ислам Байрамуков, бокстан Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбрайымов пен Бақтияр Артаевтар қатысты.

«Бұл - соңғы 40 жыл ішінде салынған алғашқы жеңіл атлетикалық жаттығу стадионы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Алонс» және «Юником бизнес групп» компаниялары 605 млн теңге қаржыға салып, мемлекетке сыйға тартып отыр. Стадион Алматы қаласы жеңіл атлеттерінің жаттығу орталығына айналмақ. Алдағы уақытта, «Халық Арена» жанында тағы да 5 000 орынға арналған халықаралық бірінші санатты жеңіл атлетика манежін салатын боламыз. Бүгін біз ашып отырған жаңа жаттығу алаңы жеңіл атлетиканың қарқынды дамуына, еліміздің туын биікке желбірететін спортшыларды дайындауға қызмет ететін болады деп сенемін», - деді Бауыржан Байбек.

Даңқты жеңілатлет Ольга Рыпакова болса мұндай спорт кешені өз ізбасарларына жасалған зор мүмкіндік екенін айтып отыр.

«Жеңіл атлеттерге арналған стадионның ашылғанына қуаныштымын. Мұндай ашылу жақсы дәстүрге айналып, барлық қалаларда осы спорт түрінің спортшыларына арналған спорттық нысандар ашылса екен деймін. Мұнда спортшылар жаттығып, өз мақсаттарына қол жеткізуге, яғни чемпион атануға мүмкіндіктері баршылық. Әлбетте, барлығы чемпион бола бермейді, біздің басты байлығымыз - денсаулығымыз», - деді Ольга Рыпакова.

Алматы қаласының Жеңіл атлетика федерациясының президенті Мұхит Әзірбаевтың айтуынша, стадионда спорт мектебінің тәрбиеленушілері, жеңіл атлетика әуесқойлары жаттыға алады. Ол алдағы уақытта мұнда көптеген қалалық жарыстар өткізілетінін де айта кетті.

ФОТО: Қазақпарат

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші