2024 және 2028 жылдары Олимпиада ойындары өтетін қалалар белгілі болды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

14.09.2017, 09:20

2024 және 2028 жылдары Олимпиада ойындары өтетін қалалар белгілі болды

Жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы Парижде, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін болды. Мұндай шешімге Халықаралық олимпиада комитетінің өкілдері Лима (Перу) қаласында өткен дауыс беру кезінде келіп отыр. Бұл туралы ХОК-тың ресми сайтында жазылған.

"Бүкіл әлемнің спортшылары үшін Олимпиада ойындары өтетін қалаларды 11 жыл бұрын ерте анықтап қою нағыз тұрақтылықтың белгісі", - деді ХОК президенті Томас Бах.

Айта кетейік, 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Токио қаласында өтеді. Бұл шешімді ХОК 2013 жылы қабылдаған болатын. Бұған дейін 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 17 медаль жеңіп алған еді. Олардың үшеуі алтын, бесеуі күміс және қалған тоғызы қола медальдар.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші