Головкин мен Альварестің қанша гонорар алатыны белгілі болды

14.09.2017, 12:34

Головкин мен Альварестің қанша гонорар алатыны белгілі болды

16 қыркүйек күні Лас-Вегаста жұдырықтасатын боксшылар Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің қанша гонорар алатындары белгілі болды.

Британдық The Telegraph басылымының мәліметінше, қос боксшы жекпе-жектің нәтижесіне қарамастан 15 миллион доллардан алады. Бұдан бөлек екеуі де PPV-ден түскен ақшаның 60 пайызын бөлісіп алмақ.

Golden Boy Promotions компанясының жетекшісі Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, аталған жекпе-жек кемі 1,5 миллион PPV жинайды. Бұл шамамен 100 миллион долларды құрамақ. Ал, осынау қаражаттың 60 пайызы қос боксшыға бонус ретінде бөлінеді. Дегенмен, алдын ала жасасқан келісімшартта көрсетілгендей, бұл ақшаның басым бөлігі Альвареске берілуі тиіс.

Сондай-ақ, Головкин мен Альвареске билет сатылымынан түскен қаражаттың бір бөлігі де бөлінеді. Ұйымдастырушылар тек билеттің өзінен 30 миллион доллар пайда түсіргені туралы мәлімет бұған дейін айтылған болатын.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші