Криштиану Роналдудың төртінші баласы табиғи жолмен дүниеге келді

13.11.2017, 10:24

Криштиану Роналдудың төртінші баласы табиғи жолмен дүниеге келді

Мадридтік «Реал» футбол клубының және Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың төртінші баласы дүниеге келді. Бұл жолы даңқты футболшыға суррогат ана емес, өзінің сүйіктісі табиғи жолмен сәби сыйлаған.

Испандық модель Джорджина Родригес дүниеге қыз әкелген. Нәрестеге ата-анасы Алана Мартина деп ат қойыпты. Бұл туралы футболшы өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.

«Алана Мартина қазір ғана дүниеге келді. Анасы мен қызының жағдайы жақсы. Бақыттымыз!», - деп жазады атақты спортшы. 

Бұл сәби Криштану Роналдудың футболшының төртінші баласы. Жуыра ғана суррогат ана футболшыға егіздер босанып берген болатын. Сондай-ақ, Роналдудың үлкен ұлы да белгісіз әйелден туылған.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші