Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспақшы

14.11.2017, 09:16

Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспақшы

Бұл туралы еліміздің Ауыр атлетика федерациясының өкілдері өткізген баспасөз мәжілісінде сөз болды. Мамандар аталған жиында допинг қабылдайтын спортшыларды жазалау мәселесін талқылаған болатын.

Федерация өкілдерінің айтуынша, қазақстандық Олимпиада чемпиондарының бірінен соң бірі допингпен ұсталуына қарамастан елімізде тыйым салынған препараттарды қолданатын спортшылар саны азаймай отыр екен. Енді Федерация оларды спорттан шеттетіп қана қоймай, бапкерлерін де жұмыстан қуатындарын айтып отыр.

"Дәрі ішетін адамдар жауапкершілікті мүлдем сезінбейді. Яғни, жетістікке жетіп, кейін масқара болатынын ойламайды. Қазір талап қатал. Допинг табылған спортшылардың барлығы жазаға тартылады.Ал, бапкерлері жұмыстан қуылуы мүмкін", - дейді ҚР Ауыр атлетика федерациясының хатшысы Омар Мұстафин.

Допингкке қарсы күрестің күшеюі бекер емес. Өйткені, Ұлттық құраманы халықаралық ауыр атлетика федерациясы бір жылға спорттан шеттеткен болатын. Енді Қазақстанмен қоса допинг дауына іліккен Ресей, Әзірбайжан, Армения, Қытай, Түркия секілді елдер Астанада бас қосып, спорттан шеттету мерзімін қысқартудың жолын іздеп жатыр. Негізі ауыр атлетика федерациясы мерзімді 12 айдан 8-айға дейін азайтуға мүмкіндік бар дейді. Сондай-ақ жиында экс-олимпиада чемпиондары Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло жайлы да сөз болды. Атышулы спортшылар 2020-шы жылы Токиода өтетін олимпиадаға қатысуы мүмкін. Бұл екеуінің 2008 және 2012 жылы жазғы ойындар кезінде допинг ішкені расталған. Қазір Чиншанлоға келесі жылға дейін спортқа оралуға тыйым салынса, Ильинге қатысты әлі нақты шешім қабылданбапты.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші