Сарыағашта үстел теннисінен жасөспірімдер арасында жарыс өтті - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

Сарыағашта үстел теннисінен жасөспірімдер арасында жарыс өтті

12.11.2016 12:47
Сарыағашта үстел теннисінен жасөспірімдер арасында жарыс өтті

Кешегі аптада Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында жасөспірімдер арасында үстел теннисінен облыстық турнир өтті. Айтулы дода ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып отыр. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыста шардаралық жас спортшылардың мерейі үстем болды. Атап айтқанда, 2007-2009 жылғы балалар арасында бірінші орынды Хусенбек Дидар қанжығасына байласа, дәл осы жастағы спортшылар арасында тағы бір шардаралық жасөспірім Орынбасар Ерасыл үшінші орынға көтерілді. Ал, оның жерлесі Ан Сәрсенбек пен Мұхтархан Садықов «Үздік әдіс көрсеткені үшін»  номинациясымен марапатталды.

Шардаралық жасөспірім спортшыларды жарысқа дайындаған бапкерлер ағайында Әлкей мен Төлеби Қалшабековтер шәкірттерінің көрсеткен нәтижесіне дән риза.

Дей тұра, командалық есепте  Мақтарал командасы І орынды иеленсе, Сарыағаш командасы ІІ орынға тұрақтады. Ал, шардаралықтар болса бұл жолы жүлделі ІІІ орынды қанағат тұтты.

Осы ретте айта кету керек, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облысында бірқатар спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Олардың көбі кәсіби спортшылардың арасында емес. Өзге маман иелері мерейлі мерекеге орай жұмыстарынан бір сәтке қол үзіп, шағын футболдан, волейбол мен бильярдтан, тоғыз құмалақтан өзара жарыстар ұйымдастыруда. Мұндай спорттық сайыстар жыл соңына дейін жалғасатын болады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші