Құмды ауылда футбол жарысы ұйымдастырылды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Құмды ауылда футбол жарысы ұйымдастырылды

10.11.2016 10:18

Жуырда ОҚО Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және шалғай жатқан ауыл-аймақтарда дене шынықтыру және спорт қозғалысын дамыту мақсатында Ахмет ата ауылында кіші футболдан жарыс өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Қарсыбаев сөз алып, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

-Құрметті ауыл тұрғындары мен спортшы жастар! Сіздерді бүкіл еліміз атап өтіп жатқан Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Біздің елімізде спортты дамытуға, бұқара халықтың спортпен шұғылдануына барынша жағдай жасалып келеді. Ауданымызда соңғы жылдары көптеген спорт мектептері ашылуда. Соның бір дәлелі – биылғы  жылы аудан орталығынан заманауи алып спорт кешені салынып, пайдалануға берілгелі отыр. Бүгінгі спорт жарысын құмды ауылға келіп ұйымдастырып отырғандағы мақсатымыз да шалғай ауылдарда спорт қозғалысын дамыту, ауыл жастарын спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың нашақорлықтан және діни ағымдардан алшақ болуға баулу болмақ, - деді.

Ауылда өткен футбол жарысы қызықты да тартысты өтуімен көптің есінде қалды. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды №2 БЖСМ командасы, 2-орынды Ахмет ата ауылы иеленсе, 3-орынды Мелде би ауылы қанағат тұтты.

Жеңімпаз командаларға арнайы дайындаған медаль, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші