Спорт - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Спорт

Елорда әкімдігі 2017 жылдың 17 шілдесінде Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтында айтылған.

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO чемпиондық белбеулерінің иесі қазақстандық Геннадий Головкиннің менеджері Олег Гарман Астана әкімдігінің өтірігін әшкереледі.

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанаға еуропалық ең танымал футбол клубтарының бірі келіп, Қазақстан ұлттық құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz порталына Астана қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев мәлімдеді.

Геннадий Головкиннің жекпе-жегі 17 шілдеде "Астана Арена" стадионында өтеді. Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықпаев мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz.

Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенттік кеңесінде қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлікке ерлер арасында Халықаралық дәрежедегі спрт шебері атағы берілді. Бұл туралы Ж.Әбдімәлік атындағы шахмат академиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Vesti.kz порталына тамыз айының соңында елорда төрінде өтетін Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBC) 55-ші конвенциясы туралы айтып берді.

Күні кеше Үкіметте өткен жиыннан кейін тілшілерге сұхбат берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Головкин-Сондерс жекпе-жегін Қазақстанда өткізуге толықтай дайын екенін айтып мақтанған еді. "Британдық боксшы сөзінен тайқып кетпесе болды, біз дайынбыз" деді министр журналистермен болған әңгіме барысында. Алайда, дәл қазақстандық тараптың дайын болмауы салдарынан бұл жекпе-жек біздің елде, яғни Астанада өтпеуі мүмкін. Бұл туралы Головкин командасының өкілі Жанар Өтешова мәлімдеді деп жазады Sports.kz.

Жо-жоқ, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы британдық кәсіпқой боксшы Билли Джо Сондерспен жұдырықтаспайтыны анық. Бірақ, неге екені белгісіз, боксшының боксшыға тастаған шақыртуына бірінші болып Головкиннің өзі емес, бапкері емес немесе промоутері емес, Қазақстанда отырған мәдениет министрінің жауап қатқаны қызық...

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары мінген ұшақтан ақау шығып, мәжбүрлі түрде Ереван әуежайына қонды. Команданың медиа-офицері Ербол Қайыровтың айтуынша, әуе лайнерінің шассиі дұрыс жұмыс істемеген.

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы 48 жастағы ресейлік Олег Маскаев осы көктемде шаршы алаңға қайта оралуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші