Спорт - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Спорт

Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов наурыз айында АҚШ-қа көшуді жоспарлап отыр. Өзімен бірге ол отбасын түгел алып кетпек. Бұл туралы танымал боксшы Vesti.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

Конькимен сырғанаудан қазақстандық Денис Кузин Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қазақстандық шаңғышы Ринат Мухин 15 шақырым қашықтықты бағындыруда алдына жан салған жоқ.

Жапонияның Саппоро қаласында жалауы көтерілген қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша әлем чепионы қазақстандық Жанат Жақияновқа (27-1, 18 КО) Петропавл қаласынан үш бөлмелі пәтер берілді деп жазады Vesti.kz.

6 ақпан күні қазақ футболының ардагері, КСРО спорт шебері Сейітжан Берікбайұлы Байшақов 72-ге қараған шағында дүниеден озды деп жазады Қазақпарат. 60-жылдардағы әйгілі футболшы, қазақ аяқдобының ардагері ұзақ аурудан кейін қайтыс болды.

Кәсіпқой бокстан орта салмақта Қазақстан намысын әлемдік аренада қорғап жүрген даңқты боксшылар Геннадий Головкин мен Қанат Ислам EXPO-2017 көрмесі аясында Астанада өтетін бокс кешінде өнер көрсетуі мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында мәлімдеді.

Оңтүстікамерикалық ESPN телеарнасының журналисі Фернандо Барбоза қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен британдық Билли Джо Сондерс арасында өтетін жекпе-жектің дәл уақытын хабарлады.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футол федерациясының (ФИФА) жаңарған рейтингінде екі сатыға жоғарылап, 96-орынға тұрақтады. Бұл туралы мәлімет ФИФА-ның ресми сайтында жарияланған.

Алматыда 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың соңғы медальдар жиынтығы өз иелерін тапты. Ерлер арасында шайбалы хоккейден өткен ақтық кездесуде Қазақстан мен Ресей құрамалары кездесіп, қонақтардың мерейі үстем болды, есеп - 0:1.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

Санат

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші