$ 447.4  477.55  4.76

Сейітқазы Матаев рақымшылыққа ілінді

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың түрмедегі жаза мерзімі рақымшылыққа байланысты жартылай қысқарды.

"Мекеме (колония) өтініші бойынша, Сейітқазы Матаевтың түрмеде өтелмеген жаза мерзімі жартылай - екі жыл және сегіз айға қысқарды", - деді Матаевтың адвокаты Мадина Бакиева. Оның айтуынша, жаза уақытын қысқарту туралы шешім сәуірдің басында күшіне енген.

Өткен жылы 3 қазанда Астанадағы сот Сейітқазы Матаевты мемлекеттің ақпараттық саясатына бөлген қаражатын жымқырған және салықтан жалтарған деп танып, жалпы режимдегі колонияға алты жылға соттады.

Сот Сейтқазы Матаевтың ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаевқа да дәл осындай айыппен үкім шығарды. Екеуі де тағылған айыптарды жоққа шығарды. Өткен жылдың аяғында апелляциялық сот Матаевтардың негізгі үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Дереккөз: centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары