Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


01.06.2017, 11:49

Қарағандылық мұғалім Юрий Пак бостандыққа шығады

Терроризм туралы жалған ақпарат берді деп айыпталып, екі жылға бас бостандығынан айрылған қарағандылық мектеп мұғалімі Юрий Пак бостандыққа шығады. Сот оның өтелмеген жаза мерзімінің орнына айыппұл төлеу туралы өтінішін мақұлдаған деп хабарлайды Қарағанды облысы Абай аудандық сотының баспасөз қызметі.

Педагогтың өтінішін сот бүгін түрме қабырғасында қарап, отырысты көп созбастан оны бостандыққа шығаруға шешім қабылдады.

"Қарағанды облысы Абай аудандық соты 2017 жылдың 1 маусымында Қарабас ауылындағы АК 159/9 түзеу мекемесінде судья Исабековтің төрағалығымен сотталушы Юрий Пактің өтінімін қарады. Өтінімде сотталушы өтелмеген мерзімінің орнына айыппұл төлеу арқылы, жазаны жеңілдетуді сұраған. Сот отырысында Юрий Пак өзіне тағылған айыпты мойындап, ол үшін өкінетінін айтты. Сот оның өтелмеген жазасы 170 742 теңге айыппұлға алмастырды", - дейді Абай аудандық сотының баспасөз хатшысы Ардақ Жұмашев.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы қамаудан 15 тәуліктен кейін босатылды.

Еске салайық, былтыр қазан айында физика пәнінің мұғалімі Юрий Пак жалған терроризм бабы бойынша 2 жылға сотталып, түрмеге жабылған болатын. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылдың 14 сәуірінде педагог жұмыс орнында отырып, 102 номеріне хабарласып, Орталық әмбебап дүкенінде бомба бар екенін айтқан. Кейін бұл ақпараттың жалған екені анықталып, мектеп мұғалімі ұсталды.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.