Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


15.06.2017, 09:48

Алматыда терроризмді насихаттаған әйел 5 жылға ғана сотталды

Алматы аудандық сотының судьясы Қайрат Иманқұлов 34 жастағы Қапшағай тұрғыны Жанна Өмірованы діни араздықты қоздырып, терроризмді насихаттады деген айып бойынша бес жыл бас бостандығынан айырды деп жазады Centralasian.org.

Үкім мемлекеттік айыптаушының қатысуымен, бірақ мемлекет тағайындаған адвокатсыз оқылды. Сотталушы Жанна Өмірова шешіммен келіспейтінін, апелляциялық шағым беретінін айтты.

Жанна Өмірова үкім алдында соңғы сөзін айтып, өзін соттамауын сұраған еді. Ол кішкентай екі бала тәрбиелеп отырғанын және зейнеттегі мүгедек анасына қарап отырғанын ескеруін сұраған. Сотталушы сонымен бірге өзіне қатысты істі арнайы қызмет әдейі ұйымдастырғанын, өзі терроризмді насихаттамағанын айтады.

Жанна Өмірова биыл қаңтар айында ұсталған. Оның кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы қазір 65 жастағы анасының қолында.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.