$ 449.58  486.94  4.86

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев 7,5 жылға сотталды

Ақмола гарнизонының әскери соты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев пен оның ісіне қатысты өзге азаматтарға үкім шығарды. Бұл туралы аталған соттың ресми сайтында жазылған.

"Дүтбаев мемлекеттік құпияларды жария еткені және қызметін асыра пайдаланғаны үшін айыпты деп танылды. Оған 7 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналыспайды. Сондай-ақ, Дүтбаевті "генерал-лейтенант" әскери шенінен және өзге де мемлекеттік наградаларынан айыруға ұсыныс берілді", - делінген соттың ресми ақпаратында.

Дәл осындай қылмыстарды жасады деп айыпталған Раис Мұратов пен Нұрлан Хасеннің әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айрылып отыр. Ол да өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметпен айналыса алмайды.

Ал, Ерлан Нұртаев болса мемлекеттік құпияларды жариялауға көмектескені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылып отыр. Ол да мемлекеттік қызметпен өмірінің соңына дейін айналыспайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары