$ 445.66  474.58  4.78

Мұратхан Тоқмәдиге сот үкімі шықты

Танымал алматылық кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиге сот үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті деп жазады sputniknews.kz. Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде сотталушы мен прокурор арасында өзіне тағылған айыпты мойындау түріндегі процессуалдық келісім орнады.

Келісімге келген соң, тараптар ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлімінің 2-пунктіне және 194-бабы 3-бөлімінің 2-пункті бойынша айыпталып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот процессуалдық келісімнің ретімен келісті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары