09.01.2018, 18:18

Қуандық Бишімбаев тергеу кезінде өзіне қысым көрсетілгенін айтты

9 қаңтарда Астанада Қазақстанның бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасты. Сотта сөз сөйлеген Бишімбаев тергеу кезінде оған қысым жасалғанын, құқықтары бұзылғанын айтты деп жазады Азаттық.

"Ұсталғаннан кейін бір ай бойы тергеу департаменті директорының орынбасары мені адвокатымсыз кабинетіне бірнеше рет шақырды. Оған дәлел бар. Тергеушілер жасамаған қылмысты мойныма алуға үгіттеді" деді ол.

Бишімбаев өзіне қысым жасады деп коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігі директорының орынбасары Олеся Кексель мен тергеу тобының жетекшісі Дамир Бахытовты атады. Бишімбаев тергеуге он орындық көлікке 18 адамды отырғызып апарғанын айтып, "құқығым бұзылды" деді.

8 қаңтарда сотта алғаш сөйлеген бұрынғы министр Қазақстан президенті Назарбаев пен халықтан кешірім сұраған.

Қуандық Бишімбаев 2016 жылы ұлттық экономика министрі қызметін сегіз ай атқарған. Қазір ол Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша қамау изоляторында отыр. 2017 жылдың 10 қаңтарында ол топ болып алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алу фактісі бойынша ұсталған. Тергеу барысында Бишімбаевтің қамау мерізімі бірнеше рет ұзартылған. Тергеу ісі 10 айға дейін жалғасты. Қылмыстық іс 250 томға жетті. 23 айыпталушының әрқайсында кемінде екі адвокаттан бар.

Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика