$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда парамен ұсталған шенеунік тергеу кезінде терезеден секіріп қайтыс болды

"Қазводхоз" РМК Алматы филиалының директоры Сейілхан Мұхамадиев жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің терезесінен секіріп өлді. Бұл ақпаратты Ұлттық бюроның баспасөз қызметі растады деп мәлімдейді Sputnik Қазақстан. 

Оқиға 3 ақпанда болған. Мұхамадиев жедел тергеу іс-қимылдарынан кейін Ұлттық бюроның Алматы облысы бойынша департаментінің ғимаратына жеткізіледі. 

"Сағат 09:02-да Мұхамадиев департаменттің төртінші қабатта орналасқан қызметтік кабинетінің терезесінен секіріп кетті. Алған жарақаттарынан Мұхамадиев сол жерде қаза болды", — деп жазылған хабарламада. 

Бұдан бөлек жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы "Қазводхоз" директорының не үшін ұсталғанын түсіндірді. 

"Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының санкциясымен жүргізген тергеу іс-қимылдарының барысында "Қазводхоз" РМК Алматы филиалының директоры С.М. Мұхамадиевтың пара алғаны анықталды. 17,4 миллион теңге көлеміндегі заңсыз сыйақыны немесе мемлекеттік сатып алулар келісімшартының 10 пайызын ол орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойғаны және қосымша келісім үшін мердігер кәсіпорыннан алды. Бұл сома оған бір ай ішінде біртіндеп берілді. 2 ақпанда (сағат 22:23-де) қалған 400 мың теңгені алу кезінде Мұхамадиев ұсталды", — деп хабарлады баспасөз қызметі

Талдықорған қаласының ішкі істер басқармасы қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлімі (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Ұлттық бюроның ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексерісті бастады. 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары